Бұрынғы судья Жолманованың ісі сотқа жолданды

Наурыз 18, 2025 - 17:38
Бұрынғы судья Жолманованың ісі сотқа жолданды
Фото: nstagram.com/zholmanova.svetlana

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Тергеудің мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың 1 миллиард теңгеден астам қаражатты қолды қылған.

"Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іске біріктірілді. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды", — деп хабарлады Бас прокуратурасынан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow