Дағыстандағы терактіні кімдер ұйымдастырғаны белгілі болды

Террористердің әрекеті «Крокус Сити Холлда» жасалған әрекеттен «терең әрі салмақты» болған.

Маусым 25, 2024 - 09:14
Маусым 25, 2024 - 09:14
Дағыстандағы терактіні кімдер ұйымдастырғаны белгілі болды
Фото: РФ Терроризмге қарсы ұлттық комитеті

Дағыстандағы терактіні ұйымдастырушылардың әрекеті «Крокус Сити Холлда» әрекет етушілерге қарағанда «әлдеқайда терең әрі салмақты болды», деп мәлімдеді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифингіде Дағыстан басшысы Сергей Меликов. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Ресейдегі меншікті тілшісі хабарлады.

РФ Терроризмге қарсы ұлттық комитеті ақпарат орталығының хабарлауынша, терроризмге қарсы жүргізілген операция барысында Дербент қаласында екі қылмыскер, Махачкалада үшеуі ұсталған.

Қарулы шабуылға байланысты Ресей тергеу комитетінің Дағыстандағы тергеу басқармасы РФ ҚК-нің 205 бабы (террористік акт) және 222 бабы (атыс қаруын заңсыз алу, сақтау, алып жүру), сондай-ақ 226 бабы (атыс қаруын ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Атыс болған жерде қауіпсіздік органдарының жарылысқа жауапты мамандары жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, қылмыскерлерді қолдаушылар да іздестірілуде.

Терроризмге қарсы ұлттық комитеті «Жедел іздестіру және тергеу жұмысы оқиғаның бүкіл фигуранттары анықталғанша жүргізіле береді. Сондай-ақ шетелден қолдау көрсетіп отырғандар да анықталады», -деді Сергей Меликов дағыстандықтарға қарата айтқан бейнеүндеуінде.

Дүйсенбі күні Махачкалада өткен баспасөз мәслихатында ол екі қалада ұйымдастырылған терактілердің уақыты мен мақсат-міндеттері үйлестірілгенін атап өтті.

Сондай-ақ ол террористердің әрекеті биылғы наурыз айында «Крокус Сити Холлда» жасалған әрекеттен «терең әрі салмақты» болғанын жеткізді.

«Қылмыскерлер бір мезетте төрт террористік акт ұйымдастырып, сол арқылы құқық қорғау және күш-қуат құрылымдарының жұмысын тығырыққа тіреп, жауапкершіліктен де, тұтқындалудан да аман құтылып кетеміз деген ойда болған сияқты», -деді Дағыстан басшысы.

Бүгінгі таңда Дағыстандағы синагога мен шіркеуілерге шабуылдаған содырлардың кім екені анықталған.

Бірқатар ресейлік телеграм-арнаның хабарлауынша, Дағыстанда көзі жойылған екі содыр Осман мен Әділ Омаровтар — Серкагалинск ауданының басшысы Магомед Омаровтың балалары.

Baza Telegram-арнасының хабарлауынша, содырлардың бірі — Абдусамад Амадзиев. Mash Telegram-арнасы содырлардың бірі Абдулманап Нурмагамедов мектебінің тәрбиеленушісі, аралас жекпе-жек шебері Гаджимурад Кагиров болуы мүмкін екенін хабарлады.

Серкагалинск ауданының басшысы М.Омаров жексенбі күні тұтқындалып, оның үйіне тінту жүргізілді. Ол отставкаға өтініш беріп, «Единая Россия» билік партиясы қатарынан шығарылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow