Давид Лория Қазақстан футбол федерациясынан кетті

Маусым 2, 2026 - 17:29
chat_bubble  0 visibility  1
Давид Лория Қазақстан футбол федерациясынан кетті
Фото: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы әрі футбол функционері Давид Лория Қазақстан футбол федерациясындағы қызметін аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы 44 жастағы маман өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Sadaq.kz.

Давид Лория Қазақстан футбол федерациясында бас хатшы қызметін атқарып, ұйымның әкімшілік және ұйымдастырушылық жұмыстарына жауапты негізгі тұлғалардың бірі болды. Ол жариялаған үндеуінде қызметтен кетуінің себебін түсіндірді.

«Бүгін мен Қазақстан футбол федерациясындағы жұмысымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. ҚФФ президенті Марат Омаров маған федерацияның вице-президенті қызметінде жұмысымды жалғастыруды ұсынды. Алайда футболды дамытуға қатысты көзқарастарымыз бен өмірлік құндылықтарымыз кейбір мәселелер бойынша сәйкес келмейді», – деді Лория.

Оның айтуынша, федерациядағы қызметі барысында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып, басқарушылық тәжірибе жинақталған. Сонымен қатар, ол қазақстандық футболдың алдында тұрған сын-қатерлерді толық түсінгенін атап өтті.

Давид Лория алдағы уақытта да қазақстандық футбол саласында еңбек етуді жалғастыратынын жеткізіп, әріптестеріне, клубтарға және өңірлік федерацияларға алғыс айтты.

«Сүйікті спортымыздың жанкүйерлеріне ерекше ризашылығымды білдіремін. Трибунада және экран алдында қолдау көрсетіп жүрген сіздер Қазақстан футболының жаңа дәуірін қалыптастырып келесіздер. Ұлттық құрамаларымыз бен клубтарымызға жаңа жеңістер тілеймін», – деп түйіндеді ол.

Еске салайық, Давид Лория биыл наурыз айында ҚФФ бас хатшысы қызметінен кетіп, федерацияның вице-президенті лауазымына тағайындалған болатын. Алайда енді ол Қазақстан футбол федерациясындағы жұмысын толық аяқтау туралы шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0