«Дикий Арманның» анасы қайтыс болды

Белгілі қылмыс әлемінің өкілі ретінде танылған Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) анасы Роза Жұмагелдиева дүниеден өтті, деп хабарлайды sadaq.kz.
Қаралы хабарды оның досы Нұржан «Нойс» Иманәлиев Instagram парақшасында жеткізді.
«Бүгін ауыр хабар алдық. Арманның асыл анасы Роза апайымыз өмірден озды. Ол иманды, сабырлы, парасатты, текті жан еді. Тағдырдың талай ауыр сынақтарын бастан өткерді. Ұлына ұзақ жыл жаза берілгенде де, басына бұлт үйірілген шақта да одан теріс айналған жоқ. Ақырғы күндерінде Қостанайға барып, ұлын көріп қайтты. Сол сапардан соң жүрегі сыр беріп, ауруханаға түсіп, Жаратушысына қайтты», — деп жазды ол.
Досының айтуынша, Роза Жұмагелдиева соңғы деміне дейін баласының жанынан табылды, аналық мейірімі мен жүрегі баласы үшін соқты.
«Жұма күні өмірден өту – үлкен мәртебе. Алла бұл ананы рақымына бөлеп, жанын Фирдаус жәннатына орналастырсын. Арманда сабыр мен күш-қуат берсін», — деп қосты Нұржан Иманәлиев.
Сіздің реакцияңыз қандай?






