Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әйгілі сахнада жеке концертін өткізеді

Шілде 25, 2025 - 14:49
 0  21
Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әйгілі сахнада жеке концертін өткізеді
Фото: Getty Images

Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden сахнасында жеке концертін береді. Ол – ТМД елінен осы сахнада өнер көрсететін алғашқы әнші, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген Instagram желіcіндегі парақшасында "STRANGER" атты жеке концертін өткізетінін жариялады.

Өнер жұлдызының концерті 2025 жылдың 5 қазанында әйгілі Madison Square Garden сахнасында өтеді.

"Әр шығармасы неоклассикалық стилімен танымал қазақстандық әнші әрі композитор, мульти-аспапшы және продюсер Димаш Құдайберген Нью-Йоркте "Stranger" атты әлемдік турының арнайы бағдарламасын ұсынады. 2025 жылдың 5 қазанында Нью-Йоркте Madison Square Garden сарайында кездескенше", - делінген желідегі хабарландыруда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0