«Екі күйеуім де мені асырап, баққан жоқ» - Мөлдір Әуелбекова
Мен ақшалай тәуелді болмадым. Сол себепті, маған күйеусіз ары қарай өмір сүріп кету қиын болмады.
Танымал өнер иесі Мөлдір Әуелбекова оқырман қауыммен сырласып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әнші жақында екінші жолдасымен де ажырасып, екі баласымен бөлек тұрып жатыр.
“Менің жағдайым басқаларға қарағанда өзгешелеу. Екі күйеуім де мені асырап, баққан жоқ. Яғни, мен ақшалай тәуелді болмадым. Сол себепті, маған күйеусіз ары қарай өмір сүріп кету қиын болмады. Оның үстіне бірінші күйеуіммен толыққанды бірге тұрмадым.
Ол жұмыс бабымен басқа қалада тұрды. Мен енеммен басқа қалада тұрдым. Екіншісімен жеті ай ғана тұрдым. Екеуінде де, босана сала 20 күннен соң жұмысқа шықтым. Өзіме өзім қолдау көрсеттім. Декрет демалысында отырған әйел болмадым.
Сол үшін де маған ажырасуды бастан өткізу жеңілірек болды. Түбегейлі жұмысқа кірісіп, күйзелістен оңай шықтым. Оның үстіне жанымда ата-анам қолдаушы болды. Сол үшін де ажырасу кезеңіндегі қиындық әр отбасы болатын жағдайға байланысты”, – деп жан сырын ақтарды әнші.
Сонымен қатар әнші экс-күйеулерімен араласпайтынын да ашып айтты. Алайда екінші жолдасы қызына көмектесіп тұратынын жасырмады.
“Арыстанмен араласпаймыз. Ол менімен араласпайды десем болады. Екі-үш рет ересек адамдар секілді отырып сөйлесуге шақырғанмын. Әзірге ойлау қабілеті дайын емес секілді. Уақыт өте үлкен адамдардың позициясына өтетініне күмәнім жоқ. Ақшалай кішігірім көмектесіп бастады.
Қуанышпен отырып ашық сөйлесіп, қызымызға жақсы ата-ана болу мақсатында, «сау қарым-қатынаста» деп шешіп алғанбыз. Жиі-жиі қызына келіп тұрады. Қажеттілігін өтеп, көмектесіп тұрады. Респект! Өз басым қандай жағдай болмасын, екеуін де ұл-қызымның әкелері ретінде сыйлаймын. Тілекші, жанашырмын. Бақытты болсын!», – деді эстрада жұлдызы.
Сіздің реакцияңыз қандай?