«Екі млрд доллары бар»: Назарбаев әлемдегі ең бай президенттердің қатарына енді

Шілде 24, 2025 - 21:13
Шілде 24, 2025 - 21:14
«Екі млрд доллары бар»: Назарбаев әлемдегі ең бай президенттердің қатарына енді
Фото: ғаламтордан

Brand Vision агенттігі әлемдегі ең бай президенттер мен премьер-министрлердің тізімін жариялады. Ашық дереккөздерге сүйене отырып жасалған бұл рейтингке байлығы миллиардтаған доллар деп бағаланатын қазіргі және бұрынғы мемлекет басшылары енген. Ең бай ондықтың қатарында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар, деп жазады Ztb.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ең бай көшбасшылар тізімінде 8-орынға жайғасты. Оның байлығы 1-2 миллиард доллар (1 триллион теңгеден астам) деп бағаланған. Бұл қаражат отбасына тиесілі банк, жылжымайтын мүлік және энергетика салаларындағы үлестерден құралған. Ел басқарған тұста ол ірі мемлекеттік компаниялармен тығыз байланыста болған. 

Ал көш басында Ресей президенті Владимир Путин тұр (200 млрд долларға). Екінші орынға Бруней сұлтаны Хассанал Болкиах (50 млрд доллар), үшінші орынға Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрі Шейх Мухаммед бин Рашид Әл Мактум (20 млрд доллар) тұрақтаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow