Екі пойыз соғысып, 21 адам қаза тапты

Қаңтар 19, 2026 - 10:29
 0  1
Екі пойыз соғысып, 21 адам қаза тапты
Фото: Reuters

Испанияның Кордова провинциясында екі пойыз рельстен шығып, бір-бірімен соқтығысып, салдарынан 21 адам қаза тауып, шамамен 100 адам жарақат алды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Malim.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 18 қаңтар кешке болған. Испанияның ішкі істер министрлігі апат туралы 19 қаңтарға қараған түні ресми мәлімдеме таратқан. Алдын ала дерек бойынша, жолаушылар көп жүретін бағыттағы екі құрамның соқтығысуы бір сәтте-ақ ірі трагедияға ұласқан.

Билік мәліметінше, Малага — Мадрид бағытымен келе жатқан Iryo компаниясының пойызы рельстен шығып, көрші жолға түсіп кеткен. Дәл сол сәтте қарсы бағытта Уэльва қаласына бет алған пойызбен соқтығысқан. Оқиғаның нақты себептері әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Испаниялық БАҚ екі пойызда жалпы саны шамамен 400 жолаушы болуы мүмкін екенін жазады. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жараланғандардың 30-ы ауыр жағдайда жатыр. Қазір оқиға орнында жедел жәрдем бригадалары, құтқарушылар және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Reuters дерегінше, құтқару қызметтері вагондарды әлі де тексеріп жатыр, өйткені негізгі соққы тиген бөліктерде тірі қалғандардың нақты саны бірден анықталмаған. Ел премьер-министрі Педро Санчес Кордовадағы ахуалды жеке бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді. Қайғылы жағдайға байланысты Испанияның корольдік отбасы да көңіл айтып, марқұмдардың жақындарына қайғыра көңіл білдірген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0