Еліміз Азия ойындарының бесінші медалін жеңіп алды

Ақпан 9, 2025 - 10:34
Ақпан 9, 2025 - 10:40
Еліміз Азия ойындарының бесінші медалін жеңіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық шорт-трекші қыздарымыз Харбиндегі қысқы Азия ойындарында 3000 метрлік эстафетада күміс медаль иеленді, деп хабарлайды sadaq.kz.

IX қысқы Азиа ойындарында шорт-тректен 3000 метр қашықтықта әйелдер арасындағы эстафетада қатысқан Қазақстан құрамасы күміс жүлде еншіледі.

Команда мүшелері – Яна Хан Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмархан, Алина Ажғалиева мен Мадина Жанбусинова.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қысқы Азия ойындарынан алғашқы жүлдесін иеленген еді. Одан кейін қазақстандық конькиші қола медаль жеңіп алды. Кейіннен Шаңғышы Константин Борцов қысқы Азия ойындарында спринт жарысында қола медаль жеңіп алды.
Ал шаңғышы Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан қола жүлдені жеңіп алды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow