Елімізде бірнеше банк ипотека беруді тоқтатты

Елімізде кейбір банктер қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға берілетін ипотекалық несиелерге өтініш қабылдауды уақытша тоқтатты. Қайталама тұрғын үй нарығына ипотекалық өтінім қабылдауды уақытша тоқтатқан банктер: Halyk Bank, Банк ЦентрКредит және Freedom Bank Kazakhstan, деп хабарлайды Qazaq.today
Аталған қаржы ұйымдарында қазір тек бастапқы тұрғын үйге ипотека беріледі. Алайда бұл барлық құрылыс компанияларымен емес, тек жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 20%-дан аспайтын серіктес-құрылыс компаниялар бойынша ғана іске асырылады.
Банктер бұл шектеудің қашан және қандай шарттармен жойылатынын кейін нақтылайтынын хабарлаған.
Бүгіннен бастап яғни, 16 маусымнан бастап тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 25%-дан 20%-ға дейін төмендетілді. Бұл өзгеріс ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысына сәйкес күшіне енді. Оған елімізде ипотека арзандауы тиіс.
Құжатқа сәйкес, екінші деңгейлі банктер мен кейбір банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын қарыздар бойынша шекті ЖТСМ мөлшерлемелері төмендегідей болып белгіленді:
- кепілсіз қарыздар үшін – 46 пайыз;
- кепілмен қамтамасыз етілген қарыздар үшін – 35 пайыз;
- ипотекалық тұрғын үй қарыздары үшін – 20 пайыз.
Бұған дейін Қазақстанда екінші деңгейлі банктер үшін тұрғын үй жинақ нарығын ашу ұсынылған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






