«Ем қонбай жатыр»: Журналист күндіз-түні TikTok қарайтындардың ішіне жын кіріп жатқанын айтты

Журналист Гүлмира Әбіқайдың оқырманы 7 жасар қыздың TikTok желісінен көрген видеолардың әсерінен ішіне жын кіргенін айтып, көмек сұрады, - деп хабарлайды sadaq.kz.
Хат иесінің жазғанына сенсек, кішкентай қыз TikTok-тан қорқынышты видеолар көріп, әке-шешесін танымайтын күйге дейін жеткен.
«Сәлеметсіз бе! Көмегіңіз қажет! Шұғыл! Інімнің 7-жастағы қызы тик-токтан қорқынышты видео көріп, бірнеше күннен бері ақыл-есін жоғалтып алды. Тіпті әке-шешесін танымай жатыр. Көзі адамға түспейді. Молдаға апарып дем салдырып, оқытып жатырмыз. Ішіне үрей қатты кіріп кеткен дейді. Түнімен көз ілмей, шырылдап шошып шығады. Агрессиясы бар. Соңғы екі күнде сөйлемей қойды.
Жалпы, сап-сау бала. Бұған дейін асыр-салып ойнап, сөйлеп тұрған бала. Мұндай жағдайда не істеу керек? Көмектесер кім бар? Кімді білесіз? Жазыңызшы. Алланың разылығы үшін көмек қажет», — деп жазған хат жолдаған желі қолданушысы.
Ал Гүлмира Әбіқай TikTok-та шектен тыс отырып, ақылынан айырылғандардың саны көбейгенін, олардың қатарында ересек адамдар барын да айтқан.
«Достар, күндіз-түні тик ток көріп, ақыры ішіне жын еніп қазір ем қонбай жатқан тағы бір қыз бар. Оның жасы 20-да. Соңғы кезде мұндай күйге түскендер күрт көбеюде. Бұл не індет?», — деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






