Ердоған Тоқаевтың шақыруымен Астанаға келеді

Мамыр 10, 2026 - 13:46
 0  6
Ердоған Тоқаевтың шақыруымен Астанаға келеді
Фото: Ақорда

13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.

15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.

Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0