«Ешқашан жол бермеймін!»: Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
Әлемде Brent маркалы мұнай қымбаттаған тұста АҚШ президенті Дональд Трамп желіге жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты Tizgin.kz-ке сілтеме жасап.
Таяу Шығыста қақтығыс басталғалы әлемдік мұнайдың 20 пайызы тасымалданатын Ормуз бұғазы жарым-жартылай жабылып, мұның соңы мұнайдың қымбаттауына әкелген.
“АҚШ — әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші. Сондықтан мұнай бағасы көтерілген кезде біз көп ақша табамыз. Алайда президент ретінде мен үшін бұдан да маңыздысы әрі басым міндет — зұлым империя Иранның ядролық қаруға ие болуына және Таяу Шығысты, тіпті бүкіл әлемді күйретуіне жол бермеу. Мен бұған ешқашан жол бермеймін! Осы мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рақмет”, – дейді ол.
Мұның алдында Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Можтаба Хаменеи алғаш рет мәлімдеме жасаған еді. Мәлімдемеде Иранның «Ормуз бұғазын бұғаттау тетігін» қолдану мүмкіндігі бар екені айтылған.
Сонымен қатар Хаменеи Иранның көрші мемлекеттерге қатысты «достық» саясатын ұстанатынын мәлімдеді. Алайда ол бұл елдерге өз аумақтарындағы америкалық әскери базаларды жабуға кеңес берді. Оның айтуынша, мұндай нысандар Иран үшін әлі де ықтимал нысана болып қала береді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0