Еуроодақ Украинаға тағы 1 млрд еуро аударды

Еуроодақ Украинаға тағы 1 млрд еуро аударды. Бұл қаражат Ресейдің бұғатталған активтерінен алынып отыр, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Украинаның премьер-министрі Денис Шмыгальдың айтуынша, бұл қаржы бюджеттің маңызды салаларына жұмсалады.
«Қаражат мемлекет бюджетінің маңызды салаларына жұмсалады. Украина, ERA бастамасы аясында, Еуропа одағынан осымен 7 млрд еуро алды. Қаражат Ресейдің бұғатталған активтері есебінен аударылды», – деп жазды Шмыгаль Telegram-арнасына.
ЕО-ның экономика жөніндегі комиссары Валдис Домбровскис бұл аударымды растап, Еуроодақтың Украинаға тұрақты түрде қолдау білдіретінін атап өтті. Оның айтуынша, Ресей өзі келтірген залалы үшін ақы төлеп жатыр.
Еурокомиссия ERA бойынша тағы 12 млрд еуро бөлуді жоспарлауда.
Сіздің реакцияңыз қандай?






