Франция президенті Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Тамыз 26, 2024 - 21:25
Тамыз 26, 2024 - 21:26
Франция президенті Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Франция президенті Эммануэль Макрон Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады.  Бұл Франция билігінің Дуровтың ұсталуына қатысты алғашқы мәлімдемесі.

"Мен Павел Дуров қамауға алынғаннан кейін Франция туралы жалған ақпараттарды оқып жатырмын. Франция сөз бостандығы мен коммуникация, инновация мен кәсіпкерлікке бұрынғыдан да көбірек көңіл бөліп келеді. Солай болып қалады", – делінген Макронның Х әлеуметтік желісіндегі жазбасында.  

Макронның сөзінше, Дуровты тұтқындау ешқандай "саяси шешім" емес, ол жүргізіліп жатқан сот тергеуіне байланысты тұтқындалған. 

"Заң үстемдігі жағдайында әлеуметтік желілерде де дәл өмірдегідей бостандықтар азаматтарды қорғау және олардың негізгі құқықтарын сақтау үшін заңмен белгіленген шеңберде жүзеге асырылады. Францияда Telegram басшысын қамауға алу жүргізіліп жатқан сот тергеуі аясында орын алды. Бұл ешқандай саяси шешім емес. Шешімді судьялар қабылдайды", – деді Франция президенті. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow