Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов отставкаға кетті
Қазақстан футбол федерациясы Талғат Байсуфиновтың Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.
ҚФФ ресми мәлімдемесінде 57 жастағы маманның отставкасын қабылдағанын, шешіміне құрметпен қарайтынын жеткізді. ҚФФ Талғат Байсуфиновтың ұлттық құрама тізгінін ұстаған уақытта жұмысын жоғары бағалады.
"Оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен өз алаңымызда тең түстік. Оның жетекшілігімен команда өзіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты. ҚФФ Талғат Маруаұлына кәсібилігі, ісіне деген адалдығы және Қазақстан ұлттық құрамасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді" , - делінген хабарламада.
Федерация бапкерлер штабын жасақтауға қатысты қосымша ақпарат берілетінін, ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы жалғасатынын мәлім етті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0