«Газалық лаңкестер израил халқын қырып жатыр»: Астанадағы діндер съезінде Израиль өкілінің сөзі дау тудырды

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде Израиль өкілінің мәлімдемесі мұсылман делегаттарының наразылығын тудырды, деп хабарлады sadaq.kz.
Израильдің бас ашкеназ раввині Кальман Бер
"Мен қасиетті Израиль жерінен келдім. Соңғы екі жыл біз ауыр соғыстың қақ ортасында өмір сүріп жатырмыз. Газалық лаңкестер израйл халқын өлтіріп, тұтқынға алып қырып жатыр. Газалық лаңкестер еврейлерді ғана мұсылмандарды да қырғынға ұшыратуда. Халқымыз қиындыққа, азаптауға ұшырап жатыр.
Алайда раввиннің бұл сөздері залдағы делегаттардың наразылығын тудырды. Мұсылман дәстүрлі киіміндегі бірнеше өкіл орнынан тұрып, сыртқа шығып кетті. Сол секілді Түркия делегациясы да Газадағы зұлымдықты тоқтатуға аудару керектігін жеткізді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






