«Ыдыс-аяқ сатамыз» деп 50 миллионды қалтаға басқан: Ерлі-зайыпты алаяқтар сотталды

Наурыз 12, 2026 - 11:04
chat_bubble  0 visibility  1
«Ыдыс-аяқ сатамыз» деп 50 миллионды қалтаға басқан: Ерлі-зайыпты алаяқтар сотталды
Pixabay.com

Жамбыл облысында «WhatsApp» мессенджері арқылы ірі көлемде алаяқтық жасаған ерлі-зайыптыларға қатысты сот үкімі шықты. Олар төмендетілген бағамен тауар ұсынып, 50 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген, деп хабарлайды Sadaq.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Сотталушылар 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап «WhatsApp» желісінде ыдыс-аяқ пен тұрмыстық тауарларды арзан бағамен сату туралы хабарландырулар таратқан. Сатып алушылардың сеніміне кіру үшін алғашқы тапсырыстарды нақты жеткізіп беріп, заңды кәсіп иесі ретінде көрінген. Алайда, кейіннен 112 адамнан тапсырыс қабылдап, ақшасын алғанымен, тауарды жеткізбей, қаржыны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы 51 288 146 теңгені құрады. Сот талқылауы барысында айыпталушылар кінәларын толық мойындап, жасаған істеріне өкінетіндерін білдірді.

2026 жылғы 17 ақпанда Байзақ аудандық сотының шешімімен күйеуі 2 жыл 8 айға, ал жұбайы — 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.

Жамбыл облысының прокуратурасы азаматтарды әлеуметтік желілер арқылы сауда жасау кезінде абай болуға шақырады. «Бағасы едәуір төмен ұсыныстарға тиісті кепілдіксіз сенбеу керек», — деп ескертеді қадағалау органы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0