«Ылғи байлардың жиынында жүреді»: Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жапты

Танымал дінтанушы, теолог Нұрлан Байжігітұлы журналист Динара Сәтжанның күйеуі Жұмабек Жанқұловқа сыйлық жасады. Бұл туралы кәсіпкердің өзі хабарлады, деп жазады sadaq.kz.
"Жұмабектің имамы. Жұрт имамдарға шапан жапса, менің имамым маған шапан жапты", – деп жазған кәсіпкер.
Сондай-ақ Динара Сәтжан өздерінің бірінші қоныс тойында ата-аналарының ақ батасын алғандарын, онда Нұрлан имам барып, құран оқығанын жазды. Алайда желі қолданушыларына имамның бұл әрекеті ұнамай қалған.
Қашаннан бері жеке имам болып кеткенсіз?», «Нұрлан имам да біледі, шапанды кімге жабу керектігін», «Неменеге жауып жатыр?», «Ылғи байлардың жиынында жүреді осы имам», «Жеке имамы несі? – деп жазды көпшілік.
Динара Сәтжанның күйеуі – кәсіпкер, меценат Жұмабек Жанқұлов.
Сіздің реакцияңыз қандай?






