«Имам екенбіз деп есекпен жүреміз бе?»: ҚМДБ өкілі имамдардың қымбат көлікті қайдан алатынын айтты

Ақпан 17, 2025 - 09:00
Ақпан 17, 2025 - 08:47
«Имам екенбіз деп есекпен жүреміз бе?»: ҚМДБ өкілі имамдардың қымбат көлікті қайдан алатынын айтты
фото: видеодан скриншот

ҚМДБ басшысының кеңесшісі Смайыл Сейітбеков зәулім үйде тұрып, қымбат көлік мінетін имамдарды сынайтындарға өз уәжін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Исламтанушы бұл туралы «Abay Live» You Tube арнасына берген сұхбатында әңгіме өрбітті.

«Исламның қанша парызы бар десек, бесеу дейміз. Олар: иман келтіру, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру, қажылыққа бару. Соңғы екі парызды түгің болмаса, есекпен жүретін болсаң, қалай орындайсың? Алла тағала мұсылманға кедей болсын, есекпен жүрсін деген жоқ қой. Бес парыз беріп, соның екеуін дүниемен, мал-мүлікпен жасалатын құлшылық етті. Ақшаң болса, қажылыққа барасың, болмаса қалай барасың?

Алла тағала егер мұсылманға кедей болуды бұйырса, қажылықты парыз етпес еді. Кейбір имамдарға, ұстаздарға кәсіпкерлер үй, көлік, айфон сыйлап жатады. Көңіліне жақын тартса, бауырым, сен де елден қалма деп мұқтаждығын алып беріп жатады. Ал, ол кезде неге мынау мынандай машинамен жүр деп біздің іштарлық жасағанымыз ыңғайсыз ғой. Мысалы, мен Ақтау қаласында қызметімді атқарып болып, Астанаға ауысатын кезде жергілікті 3-4 кәсіпкер бірігіп, Toyota Camry 50 автокөлігін сыйлады. Елге қызмет қылдыңыз, Астанаға барғанда жаяу жүрмеңіз деді. Енді мен сонда сол жақтан есекпен кетуім керек пе? Мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Соны дұрыс түсініп, қабылдауымыз керек», — деді ол сұхбат барысында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow