Иран мен Израиль қақтығысы: Қытай тарапы кімнің жағында екенін айтты

Қытай Иран мен Израиль қақтығысында Иранның жағында екенін жеткізді. Бұндай мәлімдемені Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Линь Цзянь жасаған, деп жазады sadaq.kz cайты inbusiness.kz-ке сілтеп.
Ең алдымен ол Израильдің Иранға жасаған соққысына алаңдайтынын айтып, мұндай әрекеттердің салдары өте ауыр болуы мүмкін екенін ескертті. Осы жайтты алға тартқан дипломат Израиль әрекетіне қарсы екенін жеткізді.
"Қытай Израильдің Иранға жасаған соққысына алаңдаулы және бұл әрекеттердің салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертеді. Қытай тарапы Иранның егемендігіне, қауіпсіздігіне және аумақтық тұтастығына қол сұғуға, сондай-ақ қайшылықтарды ушықтырып, қақтығыстың ауқымын кеңейтуге үзілді-кесілді қарсы", – деген Қытай СІМ өкілінің сөзін.
Оның айтуынша, аймақтағы жағдай қайта шиеленісіп отыр, бұл ешбір тараптың мүддесіне сай келмейді. Бұдан әрі ол Қытайдың барлық мүдделі тараптарды өңірлік бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге және шиеленістің одан әрі ушығуына жол бермеуге шақыратынын алға тартты.
"Қытай жағдайды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерге конструктивті түрде қатысуға дайын", – деп қорытындылады дипломат.
Сіздің реакцияңыз қандай?






