Иран президенті америкалықтарға ашық хат жариялады

Сәуір 2, 2026 - 14:24
app_badging Сәуір 2, 2026 - 14:26
chat_bubble  0 visibility  1
Иран президенті америкалықтарға ашық хат жариялады
Фото: Mehr News

Иран президенті Масуд Пезешкиан сәрсенбі күні кешке америкалықтарға арналған ашық хат жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz. Kazinform агенттігіне cілтеме жасап.

Пезешкиан үндеуде Иранның Америка халқын жау деп санамайтынын және үкіметтердің ұстанымдары мен қоғамдардың сезімдері арасында айырмашылық жасауға шақыратынын мәлімдеді. 

- Иран халқы Америка, Еуропа немесе көршілес елдердің халықтарын қоса алғанда басқа халықтарға ешқандай дұшпандық танытпайды, - делінген хатта. 

Ол сондай-ақ, қазіргі қақтығыс америкалық азаматтардың мүдделеріне қызмет ете ме деген сұрақ қойып, АҚШ пен Израильдің әскери әрекеттерін сынға алып, олардың аймақтық және жаһандық тұрақтылыққа салдарын атап өтті.

Пезешкиан Израильдің қақтығыстағы рөліне ерекше тоқталып, Вашингтонның әрекеттеріне Израиль саясаты әсер етуі мүмкін екенін шамалады. 

- Бұл соғыс Америка халқының расында қандай мүдделерін қанағаттандырады? - деді ол. 
Бұдан басқа, Иран президенті Тегеран қауіп төндіреді деген ұғымды жоққа шығарып, оны бұрмаланған және тарихи шындықтан сәйкес келмейтінін айтты.

Хатта сондай-ақ Иран мен АҚШ арасындағы сенімсіздіктің тарихи себептері, Ислам Республикасын халықаралық күн тәртібінде қабылдау және инфрақұрылымға жасалған шабуылдардың аймақтық және жаһандық тұрақтылыққа әсері сияқты кең ауқымды мәселелер қарастырылды.

Хаттың жариялануы АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран басшылығының атысты тоқтатуға мүдделілігі туралы мәлімдемелері аясында орын алды. Тегеран бұл мәлімдемені жоққа шығарған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0