Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы жараланған – БАҚ

Наурыз 12, 2026 - 11:24
chat_bubble  0 visibility  1
Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы жараланған – БАҚ
Фото: diariocarioca.com

Өлтірілген Аятолла Али Хаменеи ұлы әрі мұрагері Моджтаба Хаменеи туралы бірнеше күннен бері ешқандай мәлімет кездеспеген, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.  

Мұнымен қоса, ирандық эмигранттар медиасына сүйенген IranWire басылымы Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан өзі де Моджтаба Хаменеимен байланысқа шықпағанын жазады. 

Сонымен қатар, ирандықтардың басым бөлігі оны іс жүзінде танымайды. Ондаған жыл бойы Моджтаба Хаменеи әкесінің істерін басқарғанымен, ел тұрғындарының көпшілігі оның дауысын да естімеген. Қазіргі уақытта ол қауіпсіздік мақсатында жасырынуы мүмкін. Өйткені, Израиль оны нысанаға алғаналған еді. АҚШ президенті Дональд Трамп та оның орнына басқа адамды тағайындайтынын айтып қалған еді. 

Хаменеиді жараланды деп есептейтін де нұсқа бар. The New York Times газетіне пікір берген 3 ирандық шенеуніктің сөзінше, жаңа жоғарғы аятолла аяғынан ауыр жарақат алған. Израильдің 2 әскери өкілі "бұл жарақатты 28 ақпандағы алғашқы израильдік соққы кезінде алған болуы мүмкін" деп болжайды. Сол шабуыл барысында режимнің көптеген жоғары лауазымды тұлғасы мен әскери жетекшісі қаза тапқан болатын. Құрбандардың арасында Моджтаба Хаменеидің әкесі мен анасы, сондай-ақ оның ұлы мен әпкесі де болған. 

9 наурызда Хаменеидің ұлы Моджтаба Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы атанған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0