Израиль жаяу әскері Газа қаласына басып кірді
Палестина билігі қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны өсіп жатқанын мәлім етті.

Израиль әскері Газа қаласын толығымен басып алу мақсатында құрлықтағы операцияны бастап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың айтуынша, бұл қала ХАМАС террористік қозғалысының қозғаушы күші саналады.
DW басылымының жазуынша, 15 қыркүйек күні кешке Израильдің әуе күштері Газа қаласына жаппай әуе шабуылдарын жасады. Бұдан кейін қалаға Израиль танктері баса көктеп кірген.
16 қыркүйек күні Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац құрлық операциясының басталғанын растады. Ол ЦАХАЛ-дың Газа секторындағы террористік инфрақұрылымға соққы жасап жатқанын мәлімдеді.
"Газа жанып жатыр", – деп жазды Исраэль Кац.
BBC агенттігінің мәліметінше, Палестина билігі қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны өсіп жатқанын хабарлады.
Израиль үкіметі Газаны басып алу туралы шешімді тамыз айының басында қабылдаған. Тель-Авив анклав тұрғындарынан қаланы тастап, сектордың оңтүстігіне, яғни орталыққа қарай кетуін талап етті.
Айта кету керек, бұған дейін Газа қаласынан 300 мың адам көшіп кетуге мәжбүр болғанын жазған едік.
Сіздің реакцияңыз қандай?






