«Қамажай» билеймін деген Ақбота Керімбекова күлкіге қалды (ВИДЕО)

Танымал әнші Ақбота Керімбекова би билемек болып, шалқасынан құлап түсті, деп жазады Azattyq Rýhy.
Жазира Байырбекова, Мөлдір Әуелбекова және Ақбота Керімбекова үшеуі «Қамажай» әніне билегісі келген. Алайда, әншінің аяғы тайып кетіп, күтпеген жерден құлап түседі. Оның үстіне әнші ұлттық киіммен емес, тырысқан шалбармен билеген.
«Жазира мен Мөлдірдің қасында сызылып билей қояйын деп едім. Осы ғой енді. Сіздерге әзіл үшін түсірген видео», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.
«Иілгенде, қазақша киіммен шыға ма деп күтіп отырсам. Керемет шығыпты. Мына әзіліңіз өтті. Мынау ұят енді», «Иілгеніңіздің өзі қате сияқты көрініп еді»- деп жазған олар.
Көпшілік әншінің әзілқойлығы мен қарапайымдылығын риза болып, оның көңілді видеосын жылы қабылдады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






