Қарағандыда төрт теміржолшыны пойыз басып кетті
Қарағанды облысында рельс ауыстырып жатқан төрт жұмысшыны жүк пойызы басып кетті.
10 желтоқсан күні сағат 17:15-те Шешенқара – Қаражанғыл аралығындағы Мойынты – Шығанақ учаскесінде рельс ауыстыруға арналған жоспарлы жұмыстар кезінде жүк пойызы апатты жағдайда тоқтады. Осы кезде жол бойында Сарышаған станциясының жұмыс тобы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.
Қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмады. Төрт қызметкер оқиға орнында алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды.
“Қазақстан темір жолы” АҚ басқарма төрағасының тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.
"Оған компанияның бас инженері жетекшілік етеді. Комиссия құрамына “ҚТЖ-Жүк тасымалы” мен Магистральдық желі дирекциясының өкілдері кірді. Комиссия оқиғаның себептерін анықтау үшін оқиға орнына аттанды”, – делінген ақпаратта.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0