Қатерлі ісікпен 7 жыл арпалысқан: қазақстандық жігіт Оңтүстік Кореяда қайтыс болды

Ол Оңтүстік Кореяда ем жатқан еді

Қыркүйек 19, 2025 - 16:30
Қыркүйек 19, 2025 - 16:31
Қатерлі ісікпен 7 жыл арпалысқан: қазақстандық жігіт Оңтүстік Кореяда қайтыс болды
Фото: @mama_yerlika

Қазақстандық журналистің ауыр дертке шалдыққан ұлы Ерлік Дамеров қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үш күн бұрын ғана 26 жастағы жігіттің жағдайы туралы ақпарат жарияланған еді. Ерлік 3 қыркүйектен бері жансақтау бөлімінде жатқан.

«Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Мамандар оны дәрілік комада ұстап, диализ жүргізді. Әлі есін жиған жоқ, бірақ жақсы жаңалық бар. Дәрігерлер препараттар санын азайтып, оны комадан шығара бастады. Ерлік ата-анасының дауысын таниды, реакция береді. Көп ұзамай көзін ашады деп сенеміз», – делінген бұған дейін жарияланған жазбада.

Өкінішке қарай, бүгін Ерліктің өмірден өткені хабарланды.

Ерлік Дамеровке Кореяда ота жасалған. Емнің қымбаттығына байланысты ата-анасы халықтан қаржылай көмек сұраған болатын. Бүгін қаражат жинау тоқтатылғаны мәлім болды.

Ерліктің дерті алғаш рет ол 19 жасында анықталған. Жамбас тұсында пайда болған ауырсынуды дәрігерлер әуелі қарапайым протрузия деп ойлаған. Алайда бір жылдан кейін оның жағдайы күрт нашарлады. Қайта жасалған тексерулерден соң дәрігерлер Ерлікке «хондросаркома» диагнозын қойды. Бұл қатерлі ісік жамбас сүйектеріне, сегізкөз бен құйымшаққа жайылған. Содан бері ата-анасы 8 жыл бойы ұлының өмірі үшін күресті. Екі рет ота жасалды, бір аяғы ампутацияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖУЛДЫЗ ШАКИРОВА (@mama_yerlika)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow