«Қатыгездік танытпауға да болар еді»: Гүлзира Айдарбекова Нұрсұлтан Жақсыгеннің үкімі жайлы

Қыркүйек 16, 2026 - 15:23
chat_bubble  0 visibility  13
«Қатыгездік танытпауға да болар еді»: Гүлзира Айдарбекова Нұрсұлтан Жақсыгеннің үкімі жайлы
фото: әлеуметтік желіден

Продюсер Гүлзира Айдарбекова актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ол әлеуметтік желідегі пікірінде сот үкіміне қатысты ойын айтып, жасалған қылмыс үшін жауапкершілік болуы керек екенін атап өтті. Алайда продюсер жазаны жеңілдету мәселесін де қозғады.

«Мүмкіндік болса, соншалықты қатыгездік танытпауға да болар ма еді. Ортада бала-шағалары бар шығар. Кісі өлтіріп, қыз зорлап, ұрлық жасаған жоқ. Жеңілдеткені дұрыс ау, кімнің басынан не өтпейді, ешқайсыңыздың бала-шағаңыздың басына бермесін. Әйелі де кішкене жеңілдетсе деп жүрегі ауырып тұрған сияқты. Жазасын алу керек, бірақ кішкене жеңілдетіп 2 жарым жыл емес 1 жылда жеткілікті ма дегенім ғой, ол жақтан түсіп кетпей, қаны безер болып бұзылып келуі де мүмкін ғой», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Продюсер бұл пікірді сырттай ғана көріп жүрген адам ретінде жазғанын айтып, оның қандай адам екенін толық білмейтінін жеткізді.

«Сырттай көріп жүргенім болмаса, аса бір танымайды екенмін, қандай адам екенін де хабарым жоқ. Әйтеуір ата-анасы бар, бала-шағасы бар, әйелі бар, ешкім жыламаса дегенім ғой», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0