«Қайдағы полиция, қайдағы сот?!»: Меруерт Түсіпбаева блогерге шүйлікті
Әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева атыраулық блогер Заиданың мәлімдемесіне жауап беріп, тараған ақпаратты жалған деп атады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Ол бұл мәселе заң аясында қаралатынын айтты. Өнер иесінің сөзінше, блогердің айыптаулары шындыққа жанаспайды, ал өзіне құқық қорғау органдарынан ешкім хабарласпаған.
«Жалған ақпарат таратқаны үшін бәрі күрделене түседі. Қалғанын адвокаттар шешеді. Қайдағы полиция, қайдағы сот?! Дәлелдесін!» – деді ол.
Сондай-ақ, Түсіпбаева блогерді жала жапты деп айыптап, іс сотқа дейін жетуі мүмкін екенін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін блогер Заида өзіне қатысты арыз түскенін айтып, оны Түсіпбаева жазғанын мәлімдеген.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0