Қазақстан Конституциясының 40-қа жуық бабы өзгереді

Бұл туралы Президент Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында айтты, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы ретінде ол үшін Парламент – елдегі саяси жүйенің негізгі тірегі екенін айтты.
Сондықтан алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады. Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады. Әрине, бұл жұмыстың бәрін табан астында, бір сәтте жүзеге асыру мүмкін емес. Тыңғылықты дайындық керек. Сондықтан алдағы реформаның кейбір концептуалды тұсына қатысты ой-пікірімді білдіргім келеді», – деді Президент.
Сіздің реакцияңыз қандай?






