Қазақстанда 111 жыл бұрын тіркелген жылу рекорды жаңарды
Қазақстанда 111 жыл бұрын тіркелген жылу рекорды жаңарды, деп хабарлады "Қазгидромет". 2026 жылдың шілде айы Қазақстанда аптап ыстықпен және еліміздің бірқатар өңірінде тіркелген температуралық рекордтармен есте қалды.
"Түркістанда ауа температурасы +47,6 градусқа дейін көтерілсе, Шымкентте 111 жыл бұрын тіркелген температуралық рекорд жаңарды", - дейді синоптиктер..
Қазгидрометтің мәліметінше, шілде айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-4 градусқа жоғары болды.
Алматыда 16-20 шілде аралығында бірден төрт температуралық рекорд жаңартылды: 16 шілдеде — +38 градус, 17 шілдеде — +39,2, 18 шілдеде — +40, ал 20 шілдеде — +41,5 градус тіркелді.
Шымкентте ауа температурасы +45,2 градусқа дейін жетті. 16 және 17 шілдеде 1915 жылғы рекордтар жаңарды — ол кезде ауа температурасы тиісінше +41,1 және +40,1 градус болған.
Астанада 14 шілдеде +38,6 градус, ал Өскеменде 16 шілдеде +39,7 градус тіркелді. Қызылордада 17 шілдеде ауа температурасы +45,2 градусқа дейін көтерілсе, 18 шілдеде
Түркістанда +47,6 градус тіркелді. 2019 жылғы алдыңғы рекорд +43,7 градус болған. "қазгидромет" мәліметінше, шілде айы тек аптап ыстықпен ғана ерекшеленген жоқ.
Кейбір өңірлерде жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан бірнеше есе жоғары болды.
Мысалы, Түркістан облысының Жетісай ауданында бір айда түскен жауын-шашын мөлшері нормадан 15 есе асып түсті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0