Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны өсіру үшін бюджеттен 800 млрд теңге алынады

Оған себеп - қосымша құн салығының 12 пайыздан 16 пайызға дейін өсуі болып отыр

Маусым 25, 2025 - 19:23
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны өсіру үшін бюджеттен 800 млрд теңге алынады
Фото: ғаламтордан

2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыларға арналған индексация мөлшері бұрынғы жылдарға қарағанда жоғары болады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл өзгеріс қосылған құн салығының (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға дейін ұлғаюына байланысты еніп отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Ержан Биржанов хабарлады.

 Оның айтуынша, әлеуметтік төлемдердің өсуі инфляциялық әсерді жұмсартуға бағытталған.

«ҚҚС өсуін ескере отырып, индексация біршама жоғары болады», – деді Ержан Биржанов.

Мемлекет бұл мақсатқа бюджеттен 800 миллиард теңге қарастырмақ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow