Қаздан қашып танымал болған балақай күтпеген сыйлыққа ие болды

Қыркүйек 18, 2025 - 10:48
Қыркүйек 18, 2025 - 11:22
Қаздан қашып танымал болған балақай күтпеген сыйлыққа ие болды
фото: әлеуметтік желіден

Шелек ұстап, қаздардан қашып бара жатқан видеосымен желіде танымал болған ақтөбелік балақай күтпеген сыйлыққа ие болды – оған тағы 100 құс берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Балақайға арналған сыйлық туралы оның әкесі Махамбет Ермеков пен қазақстандық партия филиалының төрағасы Әлібек Базарғалиев желідегі бірлескен жазбасында мәлім етті.

"Қаздардан қашып жүрген Керей енді қаздың иесі! Әлібек Базарғалиев Керейге 100 қаз сыйлады", - делінген хабарламада.

Баланы танымал еткен видео әкесінің Instagram-дағы парақшасында 16 млн-ға жуық қаралым жинаған. Бұған дейін қаздан қашқан баланың видеосы желіде тарап кетті. Оны тіпті америкалық рэпер Snoop Dogg парақшасына бөліскен еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow