Қажылықта аптап ыстықтан көз жұмғандар саны 1000-нан асты

Қазіргі уақытта Меккедегі ауа температурасы шамамен 52 градус болып тұр.

Маусым 21, 2024 - 10:47
Маусым 21, 2024 - 10:48
 0  54
Қажылықта аптап ыстықтан көз жұмғандар саны 1000-нан асты

Меккеге қажылық кезінде аптап ыстықтан көз жұмғандар саны 1000-нан асты.

Қаза тапқандардың көпшілігі Мысыр азаматтары. Араб елшісі соңғы есептеулер бойынша, тағы 58 мысырлық қажы қаза тауып, Мысыр азаматтарының саны 658-ге жеткенін айтты. Үндістаның 68, Иорданияның 60, Пәкістанның 35 және Тунистің 35 азаматы да көз жұмды.

Сауд Арабиясында қаза тапқан ресейлік қажылардың саны беске жетті. 

Қазіргі уақытта Меккедегі ауа температурасы шамамен 52 градус болып тұр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0