«Керек болса әскер кіргіземіз»: Трамп Гренландияны аннексиялап тынатыны ашық түрде мәлімдеді
Ақ үй Вашингтонға стратегиялық маңызы бар бұл аймақты алуға мүмкіндік беретін ықтимал механизмдерді белсенді түрде талқылап жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны аннексиялау мүмкіндігін ашық түрде мәлімдеді. Ол аралдың халықаралық қауіпсіздік үшін маңыздылығын атап өтіп, оны әскери жолмен алуға да дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Wall Street Journal басылымының жазуынша, Трамп Гренландияны әскери жолмен алуды да қарастырып отыр. Басылым мәліметінше, АҚШ әкімшілігінің өкілдері Даниямен аралдағы америкалық әскери контингентті ұлғайту және тау-кен компанияларымен келісімшарт жасау мәселесін талқылауға дайын екенін мәлімдеген. Алайда, Трамп «Гренландияны әскери жолмен алуды жоққа шығарудан бас тартқан», бұл оның бұл мәселеге айтарлықтай байыппен қарайтынын көрсетеді.
«Бұл болады деп ойлаймын. Бізге ол халықаралық қауіпсіздік үшін қажет», – деді АҚШ президенті НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен Ақ үйдегі кездесуінде, деп хабарлайды NBC News.
Сонымен қатар, Wall Street Journal басылым дереккөздерінің мәліметінше, Ақ үй Вашингтонға стратегиялық маңызы бар бұл аймақты алуға мүмкіндік беретін ықтимал механизмдерді белсенді түрде талқылап жатыр.
Сондай-ақ, АҚШ-тың Панама каналына бақылау орнату мәселесінде Панамаға қысымды күшейтіп жатқанын хабарлады. Ел билігі су жолы үстіндегі егемендігін сақтап қалуға ұмтылса да, Трамп «каналды АҚШ құрамына қайтаруды» көздейді. Ақ үй Панаманың белгілі бір келісімдерге барғанына қанағаттанғанымен, америкалық президент Вашингтонның бұл аймақтағы ықпалын күшейтуге деген ұмтылысын жасырмайды.
Трамп бұған дейін бірнеше рет Панама каналы мен Гренландияға қатысты өз талаптарын «экономикалық қауіпсіздік» мақсатымен түсіндірген.
Сіздің реакцияңыз қандай?






