Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жіберілді

Алматы облысында тергеу аяқталып, Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Қадағалау органының баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы Хасан Қасымбаевқа және басқаларға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, биыл 21 шілдеде істі айыптау актісімен бірге облыстық прокуратураға жолдады.
2025 жылғы 29 шілдеде облыс прокуратурасы айыптау актісін бекітіп, істі қарау үшін Талғар аудандық сотына жіберді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






