Киев Ресей шабуылының астында қалды (ВИДЕО)
Киевке жаппай шабуыл жасалды. Қаланың бірнеше ауданындағы тұрғын және коммерциялық нысандарға зақым келген, деп жазады Sadaq.kz.
Киев мэрі Виталий Кличконың мәліметінше, шабуылдан екі адам қаза тауып, тағы 22 адам жараланған.
Зақымданған нысандардың қатарында теміржол вокзалы маңындағы көпқабатты үй, Құрылыс және сәулет университетінің жанындағы ғимарат, сондай-ақ болжам бойынша «Дарница» фармацевтикалық зауыты бар.
Сонымен қатар екі интернет-провайдер өздерінің дата-орталықтарына зақым келгенін хабарлады. Қалада байланыс қызметінде іркілістер болуы мүмкін.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0