Қырғыздар тегіндегі «-ов», «-ев» қосымшаларынан бас тартып жатыр
Қырғызстандықтар тегіндегі "-ов", "-ев" қосымшаларынан бас тартып, өз тілдерінде атауға ауысып жатыр. Тиісті заң жобасын депутаттар қолдап отыр, - деп хабарлайды sadaq.kz сайты KaktusMedia-ға сілтеме жасап.
Депутаттар заңға енгізілген түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасында тегі мен әкесінің атының емленің жаңа нұсқалары бойынша былай аталатын болады:
- тегін жазғанда ата есіміне әке есімі қосылып, ұл балалар үшін "уулу", қыз балалар үшін "кызы" сөзі қосылады.
- ал тегі ата есімі негізінде жазылып, оған "теги" сөзі мен иелік жалғаулары қосылады:
Ұл балалар үшін: "дын/тын", "дин/тин", "дүн/түн"
Қыз балалар үшін: "дан/тан", "ден/тен", "дөн/төн
Депутат Жылдыз Садырбаева фамилиядағы "-ов" және "-ев" қосымшаларының жойылуына алаңдаушылық білдіріп, осы мәселе бойынша түсініктеме беруді сұрады. Ал жоба авторларының бірі Мирлан Самыйемқожа бұрыннан бар емле, оның ішінде "уулу" және "қызы" сөздерінің қолданысы сақталатынын айтты.