Қырғызстан әнұранын жаңартады: Елде республикалық байқау өткізілмек

Қырғызстанда әнұранды жаңарту үшін елдің мәдениет министрлігі республикалық байқау өткізуді жоспарлап отыр. Оған елдің сазгерлері, ақындары, музыканттары және шығармашылық ұжымдары қатыса алады, деп жазды 24.kg.
Басылымның жазуынша, бұл туралы ведомствоаралық комиссияның бірінші отырысында елдің мәдениет министрінің орынбасары Тимурлан Ажымалиев мәлімдеген.
Байқаудың мақсаты – Қырғызстанның тарихи мұрасын мәдениетін және халық бірлігін насихаттайтын шығарма әзірлеу. Сәйкесінше, байқау әнұранның әні мен сөзіне қатар өткізіледі.
Тағы оқыңыз: Қырғызстанның туы өзгерді, енді ел астанасын ауыстырмақ
Еске салайық, әнұранды жаңарту туралы Қырғызстан парламентінің төрағасы Нұрланбек Шакиев бастама көтерген болатын. Бұл ұсынысты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қолдады.
"Қазіргі әнұранымыз осыдан 33 жыл бұрын тәуелсіздік алған жылдары жазылған. Оны жазғандар "азат, тәуелсіз ел болдық, Қырғыз елі, тағдырың өз қолыңда, алға баса бер" деген сарында қуанышпен, толқыныспен жазған. Ал қазір мемлекет ретінде толық қалыптастық. Бізді бүкіл әлем таниды. Жүз жыл өтсе де, азаттық алдық, тәуелсіз ел болдық деп жырлай береміз бе?" – деді Садыр Жапаров.
Сіздің реакцияңыз қандай?






