Қырғызстанда министр мас күйінде көлік басқарғаны үшін қызметінен босатылды
Қырғызстанның ғылым, жоғары білім және инновациялар министрі мас күйінде көлік басқарғаны үшін қызметінен босатылды Қырғызстанның ғылым, жоғары білім және инновациялар министрі Бактияр Орозов мас күйінде көлік тізгіндегені үшін ұсталып, келесі күні қызметінен босатылды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Мәліметке сәйкес, Бактияр Орозов 15 желтоқсанға қараған түні Қой-Таш елді мекенінде Чүй облысы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының қызметкерлері тарапынан тоқтатылған.
Ол алкогольдік ішімдік ішкен күйде көлік басқарды деген күдікке ілінген. Медициналық тексеру нәтижесінде Орозовтың ағзасында алкоголь бары расталған. Видео жазбада шенеунік сыра ішкенін мойындаған.
Кейінірек Бактияр Орозовтың ғылым, жоғары білім және инновациялар министрі қызметінен босатылғаны белгілі болды. Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0