Қырғызстанда ҰҚК бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиевтің ісі сотқа жолданды

Мамыр 13, 2026 - 14:08
 0  9
Қырғызстанда ҰҚК бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиевтің ісі сотқа жолданды
Фото: kaktus.media

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиевке қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау актісі бекітілді, деп хабарлайды sadaq.kz Kaktus Media-ға сілтеме жасап. 

Адвокат Икрамидин Айткуловтың мәліметінше, Ташиевке «билікті күшпен басып алуға әрекеттену» және «лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану» баптары бойынша айып тағылған.

Іс Бішкектің Бірінші май аудандық сотына жолданған. Бұл іс аясында Ташиевтен бөлек тағы жеті адам жауапқа тартылып отыр.

Сондай-ақ қорғаушы істің құпия мәртебеде қаралатынын айтты. Соған байланысты сот отырысы жабық форматта өтуі мүмкін және тергеу материалдарын жариялауға шектеу қойылған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0