Қытайда бір тәулікте екі рет жер сілкінді
19 тамызға қараған түні Қытай аумағында араға шамамен бір жарым сағат салып, екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алғашқы дүмпу Астана уақытымен сағат 02:36-да Цинхай провинциясының шөлді аумағында болды. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,8 балды құрады. Оның ошағы Алматыдан шамамен 1600-1700 шақырым қашықта орналасқан.
Кейін, 03:53-те Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тағы бір жер сілкінісі болды. Магнитудасы 4,5 балл болған дүмпудің ошағы Алматыдан шамамен 260-270 шақырымжерде, Ақсу аймағындағы Онсу ауданының таулы бөлігінде тіркелді.
Қытайдағы екі дүмпуді де Қазақстанның сейсмикалық станциялары тіркеді. Мәліметті Қазақ ұлттық деректер орталығы жариялады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0