«Қиямет күні азапқа тартылады»: Мүфтият суретшілерге қатысты сұмдық пәтуа шығарды

Қаңтар 20, 2025 - 15:17
Қаңтар 20, 2025 - 15:24
«Қиямет күні азапқа тартылады»: Мүфтият суретшілерге қатысты сұмдық пәтуа шығарды
drink-drink.ru

ҚМДБ ғұламалар кеңесі сурет салуға қатысты пәтуа шығарды. Ғұламардың берген пәтуасына сейкес, сурет салудың екі түрлі үкімі бар: 

Жансыз заттардың суретін салу

Төрт мәзһабтың (ханафи, мәлики, шафиғи, ханбали) ғалымдары жансыз нәрселердің суретін салуға рұқсат етілгендігіне бірауыздан келіскен. Ибн Аббастан жеткен риуаятта сурет салушыға: «Бұдан басқа жұмыс жасай алмасаң, мына ағаштың суретін немесе кез келген жансыз затты бейнеленген», – делінген.

Тірі жанның суретін салу

Бұл – ғұламалардың арасында тартысты мәселе. Жұмһур (ханафи, шафиғи, ханбали) ғалымдары тірі жанның толық бейнесін салуға тыйым салған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Қиямет күні қатты азапқа тартылатындар – суретшілер» – деген.
«Осы ретте заманымыздың ғалымдары ойыншыққа салыстыра отырып білім беру мақсатында жаны бар нәрсенің суретін салуға рұқсат берген. Сондай-ақ тәрбиелік мәні бар, пайдалы, шариғаттың қағидаттарына қайшы келмейтін мултьфильмдерді шығаруға да рұқсат етіледі», - делінген пәтуада.

Шешім:

Жансыз заттың суретін салуға рұқсат етіледі.
Білім беруде, ғылыми мақсатта жаны бар нәрсенің суретін салудың оқасы жоқ.
Тәрбиелік мәні бар, шариғаттың қағидаттарына қайшы келмейтін мултьфильмдерді шығаруға болады.
Пайғамбарлардың бейнесін бейнелеу – харам.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow