Қызықты статистика: Қазақстанда Абай есімді 9 әйел бар
Қазақстанда Абай есімді 19 мыңға жуық адам бар. Бұл туралы Ұлтық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды sadaq.kz.
10 тамыз – Абай күні аталып өтуде. Осыған орай ұлы ақынның есіміне қатысты қызықты статистика жарияланды. Бүгінде Қазақстанда Абай есімді 18 961 адам тұрады.
Бұл есім ең көп таралған өңірлер – Астана қаласы (2 186 адам), Түркістан облысы (2 008 адам) және Алматы қаласы (1 740 адам). Абай есімді ең үлкен жастағы қазақстандық 1932 жылы туған. Ал бұл есімді иеленгендердің арасында 30-34 жас аралығындағы азаматтар саны басым – 3 267 адам, - деп хабарлады Ұлтық статистика бюросының баспасөз қызметі.
Абай есімі жаңа туған сәбилерге де жиі қойылады. Биылғы жылдың алғашқы жартысында 91 балаға осы есім берілген. Қазақстанда Абай есімді 9 әйел тіркелген.
Сонымен қатар Ибраһим, Ибрагим және Ибрахим есімдерін иеленген 37 844 адам бар. Ұлы ақынның есімі еліміздің географиялық атауларында кеңінен көрініс тапқан.
Қазіргі таңда Абай есімімен 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауыл аталады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0