«Қызымның құлағына зақым келген»: Гүлшат Тутова тұңғышының денсаулығы туралы айтты
Белгілі театр және кино актрисасы Гүлшат Тутова қызының денсаулығына қатысты басынан өткерген ауыр кезең туралы айтып берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл жайлы ол «Мамский әңгіме» подкастында болған сұхбатында бөлісті.
Өнер иесінің айтуынша, қызы ауруханаға түскеннен кейін ем қабылдаған. Алайда бірнеше дәрі-дәрмек қолданылғанына қарамастан, баланың жағдайы түзелмеген. Керісінше, оның іші өтіп, құсуы тоқтамаған. Актриса ем барысында қызының құлағына зақым келгенін жеткізді.
«Ауырып ауруханада жатты. Дәрігерлер антибиотиктер сала берген. Кейін тоқтамай іші өтіп, құса берді. Сол кезде енеміз өздерінің емханасына қаратты. Осы кезде құлағына зақым келе бастаған. Менің сол кездегі топастығым үшін өзімді қатты кінәлаймын. Біз өз-өзімізбен өстік қой. Біздің де балалар солай өзімен-өзі өсе береді деп ойладық», – деді Гүлшат Тутова.
Гүлшат Тутова бұл жағдайдың отбасы үшін оңай болмағанын айтып, баланың денсаулығына қатысты мәселеде ем мен дәрі таңдауға мұқият қарау керектігін атап өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0