«Көп мақтай бермей...»: Жигули Дайрабаев Төрағаны көп мақтаймын деп сөз естіді

Қаңтар 16, 2025 - 16:19
 0  241
«Көп мақтай бермей...»: Жигули Дайрабаев Төрағаны көп мақтаймын деп сөз естіді

Парламент отырысында депутат Жигули Дайрабаев Мәжіліс төрағасын орынсыз мақтаймын деп сөз естіп қалды, деп хабарлайды Todayinfo.

«Президенттің депутаттардың жұмысына жоғары баға бергені – құрметті Ерлан Жақанұлы, сіздің мүлтіксіз беделіңіздің арқасы екені сөзсіз. Сол үшін сізге алғысымызды білдіреміз. Президентіміздің сұхбатында берген ақпарат, еліміздің келешектегі дамуына қатысты бағыт-бағдарлар, өңірлерде халықпен сындарлы кездесуге үлкен мүмкіндік туғызды. Өздеріңіз білетіндей, мен ақты ақ қараны қара деп айтатын азаматпын. Қандай-да бір жағымпаздану мақсатында мақтау айту — менің табиғатыма жат нәрсе. Халқымыз жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын деген…», — деп сөйлеген депутаттың сөзін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бөлді.

«Сауалыңызды жолдасаңызшы, көп мақтамай», — деді Мәжіліс төрағасы.

Содан кейін барып Жигули Дайрабаев негізгі депутаттық сауалына көшті.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0