«Көптеген студент жарақат алды»: Үндістандағы ұшақ жатақханаға құлаған

Үндістанда болған ұшақ апатынанқанша адамның қаза тауып, қаншасы аман қалғаны жөнінде әзірге нақты ақпарат әзірге жоқ. Кейбір деректерде 133 адамның көз жұмғаны айтылған, деп хабарлайды sadaq.kz сайты El.kz-ке сілтеме жасап.
Дегенмен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында ұшақ жолаушылары ғана емес, жердегі адамдар да бар. Себебі ұшақ медициналық колледждің жатақханасының үстіне құлаған.
"Ұшақтың медициналық колледждің жатақханасына құлағаны анықталып, көптеген студенттің жарақат алғаны белгілі болды", - деп хабарлады Үндістанның медициналық қауымдастығы.
Бейнежазбаларда жатақхананың қирап қалғанын көруге болады.
Қазақстан президенті қайғылы жайтқа байланысты Үндістан премьер-министріне көңіл айтты.
Айта кетейік, 2025 жылғы 12 маусымда Үндістанның Гуджарат штатындағы Ахмадабад қаласының әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортта экипажды қосқанда барлығы 242 адам болған. Борттағы барлық адам қаза тапты. Ұшақ Лондонға бағыт алған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






