Қосшыда бес жасар бала қаза тапты

Тамыз 4, 2025 - 17:20
 0  26
Қосшыда бес жасар бала қаза тапты
Фото: Pixabay.com

Ақмола облысының Қосшы қаласында бес жасар бала суға батып кетті. Қайғылы жағдай 3 тамыз күні болды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, шамамен 12:40 кезінде «Нұра–Есіл» су арнасынан 2020 жылы туған баланың мәйітін туысы тауып алған. Бала киіммен болған, өмір белгілері болмаған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, бала кездейсоқ арнаға құлап кеткен болуы мүмкін.

Айта кетейік, «Нұра–Есіл» су арнасы — Нұра өзенінен Есілге су жеткізуге арналған стратегиялық маңызы бар гидронысан. Бұл канал елорда мен маңайындағы аумақтарды сумен қамтуға қатысады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0