Қостанай облысында 17 ауыл арақ-шарап сатудан толықтай бас тартты

Тамыз 5, 2025 - 09:13
Қостанай облысында 17 ауыл арақ-шарап сатудан толықтай бас тартты
фото: sputnik.kz

Қостанай облысында 17 ауыл ішімдік сатудан түбегейлі бас тартты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қостанай облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақовтың айтуынша, соңғы жеті айда мас күйінде жасалған қылмыстар саны 3,3%-ға азайған. 

Дегенмен, қоғамдық тәртіпті жиі бұзатын, отбасылық жанжал тудыратын және ішімдікке салынған азаматтарды бақылау жалғасуда. Жыл басынан бері 2600 адамға үй жағдайында да алкоголь тұтынуға тыйым салу туралы сот шешімі шығарылған.

2024 жылдың қыркүйегінен бастап жүзеге асқан «Мәдени қоғам» жобасының басты мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, зиянды әдеттермен күресу және салауатты, мәдени орта қалыптастыру.

Қостанай облысы тәуелділіктен азат, қауіпсіз қоғам құру жолында жүйелі әрі сенімді қадамдар жасауда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow