«Көзім көрмей, аузыма сөз түспеді»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі ел алдында ақталды

Мамыр 29, 2025 - 16:21
«Көзім көрмей, аузыма сөз түспеді»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі ел алдында ақталды

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі продюсер Мөлдір Мұқан «Алтын ханым» байқауында жүргізушілік қабілетін  сынаған көпшілікке жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол тікелей эфир кезінде сөзінен жаңылысып, ұятқа қалған болатын. Оның айтуынша, сахнада тұрғанда қобалжығаннан көзі көрмей, аузына сөз түспей қалған.

Тағы оқыңыз: «Тойда жүрмін деп ойлады-ау»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі тікелей эфирде шатасып, ұятқа қалды

«Әртүрлі тағдырлар тоғысқан осы керемет жобада мен жүргізуші боламын деген ой тіпті түсіме де кірмеген шығар. Баян Мақсатқызынан ұсыныс түскенде таңданыстан бұрын, қорқыныш жауапкершілік басым болды.  Қазақстанның шоу-бизнесінде өзіндік ерекше орыны бар, бөлек көзқарасы бар, заманауи уақытпен мен ұлттық мүддені керемет жеткізе алып жүрген продюсер маған осындай ұсыныс жасағаны санамды шайқап жіберді. Ал енді маған сенім артқан майталмандардың ойынан шықтым ба, халыққа жеткізе алдым ба?! Оны әлеуметтік желіде талқылап та, қолдап та жатқан өздеріңіз. Ал мен тырыстым. Бойымда күш-қуатым, ерік-жігерім барда мен өсе беруге дайынмын. Иә, кешегі сахнадағы әдеміліктің артында менің ішкі қорқынышым, толқуым, сезімдерімнің лап еткені сонша, көзім көрмей, сөздер де аузыма түспей қалған сәттер де болды», – деді продюсер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow